Skip to content

Директорлар кеңесі

Шаймерденов Жомарт Маратович

Директорлар кеңесінің төрағасы

Нуржанов Галым Жумабаевич

Тәуелсіз директор

Айтжанова Динара Нуржанова

Тәуелсіз директор

Исаев Сырдан Адилханович

«ҚазҰТУ» КЕАҚ өкілі

Кульдеев Ержан Итеминович

«ҚазҰТУ» КЕАҚ ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректоры

Бексолтан Диас Аскарович

Басқарма төрағасы

Қоғамның Директорлар кеңесі алғаш рет Жалғыз акционер – «ҚазҰТЗУ» КЕАҚ Басқармасының 2016 жылғы 04 мамырдағы шешіміне (№1 хаттамаға) сәйкес құрылды.

Қоғамның Директорлар кеңесінің отырыстары рационалдылық, тиімділік және жүйелілік қағидаттарын негізге ала отырып, сондай-ақ Директорлар кеңесінің Жұмыс жоспары негізінде жыл сайын жоспарланады (Директорлар кеңесі бекітеді).

Қоғам Жарғысының 12-бабының 12.11-тармағына сәйкес, Қоғамның Директорлар кеңесінің отырысы оның Төрағасының немесе Қоғам Басқармасының бастамасы бойынша не:

1) Жалғыз акционердің;

2) Директорлар кеңесінің кез-келген мүшесінің;

3) Қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның;

4) Ішкі аудит қызметінің талабы бойынша шақырылуы мүмкін.

Жалғыз акционер – «ҚазҰТЗУ» КЕАҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 10 тамыздағы шешімімен (№5 хаттама) Қоғамның Директорлар кеңесі мынадай құрамда сайланды:

Директорлар кеңесінің төрағасы

Директорлар кеңесінің мүшелері

 

Шаймерденов Жомарт Маратович

Бексолтан Диас Аскарович

Кульдеев Ержан Итеминович

Исаев Сырдан Адилханович

Тәуелсіз директор

Тәуелсіз директор

Айтжанова Динара Нуржановна

Нуржанов Галым Жумабаевич

Корпоративтік хатшы. Корпоративтік хатшы лауазымы Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 16 мамырдағы №1/2016 шешімімен Қоғамның ұйымдық құрылымына енгізілді. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесі мен Қоғам кеңесі арасындағы диалогта маңызды рөл атқарады.

Корпоративтік хатшының негізгі функциялары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

  • Директорлар кеңесінің қызметін қамтамасыз ету бөлігінде:
  1. Директорлар кеңесінің төрағасына жұмыс жоспарын және отырыстардың күн тәртібін қалыптастыруда көмек көрсету;
  2. Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің отырыстарын өткізуді ұйымдастыру (егер Ережеде өзгеше көрсетілмесе);
  3. Директорлар кеңесі мүшелерінің күн тәртібі мәселелері бойынша және Директорлар кеңесінің құзыреті шеңберінде шешімдер қабылдауы үшін қажетті өзекті және уақтылы ақпарат алуын қамтамасыз ету;
  4. Директорлар кеңесі мен комитеттердің отырыстарын хаттамалау (егер Ережеде өзгеше көрсетілмесе), Директорлар кеңесі мен комитеттер отырыстарының хаттамаларын, стенограммаларын, аудио-бейне жазбаларын, материалдарын сақтауды қамтамасыз ету;
  5. Директорлар кеңесінің мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасы, Жарғы, Кодекс және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттары мәселелері бойынша консультация беру, болып жатқан өзгерістерге мониторингті жүзеге асыру және Директорлар кеңесінің мүшелерін уақтылы хабардар ету;
  6. Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерін лауазымға енгізуді ұйымдастыру;
  7. Директорлар кеңесінің мүшелерін оқытуды және сарапшыларды тартуды ұйымдастыру;
  8. Директорлар кеңесі мүшелерінің Жалғыз акционермен, басқармамен өзара іс-қимылын ұйымдастыру.

Жалғыз акционермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бөлігінде:

  1. тиісті шешімдер қабылдау үшін Жалғыз акционердің қарауына Қоғам шығаратын мәселелер бойынша материалдарды жолдауды сүйемелдеу;
  2. Жалғыз акционердің шешімдерінің көшірмелерін сақтауды қамтамасыз ету;
  3. уақтылы негізде Жалғыз акционердің сұрау салуларына ақпарат беруді бақылауды қоса алғанда, Қоғамның Жалғыз акционермен тиісінше өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

корпоративтік басқарудың тиісті практикасын енгізу бөлігінде:

  1. Кодекстің қағидаттары мен ережелерін іске асыру және сақтау мониторингі;
  2. Кодекстің қағидаттары мен ережелерінің сақталуы туралы есепті дайындау;
  3. өз функцияларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасында, Жарғыда және қоғамның басқа да ішкі нормативтік құжаттарында бекітілген корпоративтік басқару нормалары бөлігінде бұзушылықтарды анықтау;
  4. корпоративтік басқару мәселелері бойынша Қоғамның лауазымды тұлғаларына, қызметкерлеріне кеңес беру;
  5. корпоративтік басқару саласындағы үздік әлемдік практиканың мониторингі және қоғамда корпоративтік басқару практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.

Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда Корпоративтік хатшы тиісті ақпаратты Директорлар кеңесі төрағасының назарына жеткізеді.

Корпоративтік хатшының мәртебесі, функциялары мен міндеттері Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарымен айқындалады.

Корпоративтік хатшыны тағайындау және қызметінен босату Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.

Қоғамның Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі шешімімен (№3/2023 хаттама) К.Э. Исабекова Қоғамның корпоративтік хатшысы болып тағайындалды.

Компания органдарының құрылымы мен құзыреттері

Қоғам Жарғысының 10-бабының 10.1-тармағына сәйкес Қоғамның органдары:

1) жоғары орган – Жалғыз акционер;

2) басқару органы – қоғамның Директорлар кеңесі;

3) алқалы атқарушы орган – Қоғамның Басқармасы.

Басқарма

БЕКСОЛТАН ДИАС АСКАРОВИЧ – Басқарма Төрағасы

НЕТАЕВ ДАУЛЕТ ЖОЛДЫБАЕВИЧ – Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі

АЛЬТАЕВ ОЛЖАС УЛАНОВИЧ – Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі