Skip to content

Тарихы

2008

2008 жылы «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі құрылды. Холдингтіңқызметіғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту мақсатында заңды тұлғаларды тиімді басқаруға бағытталған.

Холдинг құрамына жетекші ғылыми-зерттеу институттары кіреді:

·        «Жер, металлургия және байыту туралы ғылымдар орталығы» АҚ;

·        «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ;

·        «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ;

·        «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ;

·        «Ғылым қоры» АҚ;

·        «Физика-техникалық институт» ЖШС;

·        «Сейсмология институты» ЖШС;

·        «У. Ахмедсафинат. Гидрогеология және геоэкология институты» ЖШС;

·        «Алтай геологиялық-экологиялық институты» ЖШС;

·        «Қ. Сәтпаеват. Геология ғылымдары институты» ЖШС;

·        «География институты» ЖШС.

2014

2014 жылы Холдинг «Парасат» Ғылыми-технологиялық орталығы болып қайта құрылды, ол Қ.И. Сәтпаев ат. Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің (Satbayev University) құрамына енді. Орталықтың құрамына «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі және Алтай геологиялық-экологиялық институты кіреді.

2016 ж. 2016 жылы еншілес ұйымдар құрылды:

·        «Higer Quazar» ЖШС (Хайгер Квазар) – компания Higer Holdings Co Ltd (Higer Kazakhstan Co., Limited) компаниясымен бірлесіп құрылған) және отандық электр автобустарын өндіруге маманданған.

·        «Parasat Eco Logic» ЖШС – компанияның қызметі люминесцентті лампалар мен құрамында сынап бар аспаптарды кәдеге жаратуға бағытталған.

·        «Parasat Led Technics» ЖШС – компания энергиялық тиімді жарықдиодты компоненттерді өндіруге маманданған.

2018

2018 жылы Компания Satbayev University Технологияларды коммерцияландыру орталығы болып анықталды, оның негізгі мақсаты инновациялық өнімді нарыққа жылжыту, техникалық және технологиялық проблемаларды, сондай-ақ экономиканың нақты секторының қажеттіліктерін анықтау және талдау жолымен университет ғалымдарының ғылыми және ғылыми-техникалық әзірлемелерін өнеркәсіптік секторға коммерцияландыру болып табылады.

2023

2023 жылы «Парасат» ғылыми-технологиялық орталығы «Science and Technology Solutions» болып өзгертілді. Бас кеңсе Алматы қ., Сәтпаев көшесі, 22/5 мекен-жайына көшірілді.